Accessibility links

Аргентиналық диктатор 25 жылға бас бостандығынан айырылды


Аргентинаның соңғы диктаторы Ренальдо Биньоне адам құқын бұзды деп айыпталып 25 жылға бас бостандығынан айырылды.

82 жасар Ренальдо Биньоне, 1976-1983 жылдары Агентинада әскери хунтаның басқаруы кезінде, азаптау мен заңсыз түрмеге отырғызулардың 56 оқиғасына қатысы бар деп танылды.

Биньонеге қатысты бұл бірінші сот процессі емес. Ол соңғы рет 1999 жылы бала ұрлау ісі бойынша жауапқа тартылған еді. Сол кезде Биньоненің жасын ескерген сот оны үйқамаққа алу туралы шешім шығарған еді.
XS
SM
MD
LG