Accessibility links

Қазақстан президентінің Оңтүстік Кореяға сапары басталды


Бүгін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Корея Республикасына екікүндік сапары басталды. Нұрсұлтан Назарбаев пен Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак бүгін Сеул қаласында Қазақстанның Кореядағы жылының ашылу салтанатына қатысады.
Ал сәуірдің 22-сі күні мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея арасында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG