Қырғызстанның уақытша үкіметі Жалалабадты өз бақылауына алды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Жалалабадтың жаңадан тағайындалған әкімі Бектур Асанов сәрсенбі күні өз қызметіне кірісті.
Оның алдында биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің қолдаушылары шеру өткізіп, Пайзуллабек Рахмановты облыс әкімі етіп таңдаған болатын. Хабарларға қарағанда, Рахманов жұмыс орнында көрінбеген.