Accessibility links

Мұхтар Әблязов Британ елінен саяси баспана сұрап отыр


Бүгін, Ресейдің «Ведомости» газетінде шыққан сұхбатта БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Британ елінен саяси баспана сұрап, өтініш бергендігі жазылған.

« Мен баспанаға қатысты құжаттарды тапсырып қойғанмын. Бұл тұста айта керу керек, Астанада жүрген Назарбаевтың сенімді үзеңгілестеріне қарағанда, мен Лондонды қауіпсіз деп санаймын. Қазақстанда темір торға тек саяси қарсыластар ғана емес, президенттің айнымас достары да жабылады. Сондықтан мен бұл елде мәңгі болмайтындығым белгілі», - деліген сұхбатта.

Өткен жылы ақпан айының басында «БТА Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен алынғаннан кейін Мұхтар Әблязовке қылмыстық іс қозғалды. Одан өге БТА Банкінің бұрынғы 12 қызметкері 2 жылдан 8 жылға дейінгі түрлі мерзімге түрмеге кесілді.
XS
SM
MD
LG