Accessibility links

Биліктен қуылған Бакиевтің бауыры жоғалып кетті


Биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің ортаншы ағасы – Акмат Бакиевті белгісіз біреулер ұрлап кеткен, деп «Азаттықтың» Жалал-Абадтағы тілшісі хабарлайды.

Бұл жайтты Бакиевтің кіші інісі – Каныбек те растап отыр. Оның айтуынша, Акмат соңғы рет кеше кешке хабарласқан. Телефонмен сөйлесу барысында арғы жағынан айқай-шу мен атыс естіліп, байланыс үзіліп кеткен. Каныбек Бакиевтің сөзінше, оны біреулер келіссөзге шақырған, алайда олардың кім екендігі белгісіз. Бакиевтің жақтаушылары болған жайтқа уақытша үкіметті айыпты деп отыр.

Өз кезегінде уақытша үкімет мүшесі Өмірбек Текебаев, қазіргі биліктің бұл жағдайға еш қатысы жоқ екендігін мәлімдеді. Оның пікірінше, Акан Бакиев қылмыстық топтармен байланысы бар екендігі жайлы сыбыс бар. Ал Жалал-Абад губернаторының қызметін уақытша атқарып отырған Бектур Асановтың пікірінше, бұл «бакиевшілердің кезекті әрекеті» болу мүмкін.
XS
SM
MD
LG