Accessibility links

Қырғызстан президентінің сайлауы қазанда өтеді


Қырғызстанда үстіміздегі жылдың қазан айының 10 күні парламенттік сайлау өтеді, дәл сол күні президенттік сайлауда өтуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Қырғызстанның уақытша үкіметі басшысының конституциялық реформа жөніндегі орынбасары Омурбек Текебаев мәлімдеді.

"Президент сайлауына конституциялық реформа жөніндегі референдум өтеді, ал ол 27 маусымға белгіленген", - деді Текебаев.

Қырғызстандағы соңғы президент сайлауы өткен жылы жазда болған. Ол кезде жеңіске жеткен Құрманбек Бакиев бүгінде биліктен қуылып Беларусь елін паналауда.
XS
SM
MD
LG