Accessibility links

Иранда 3 күндік әскери жаттығу басталды


Бейсенбі күні Иранда таңдаулы әскери құрама болып табылатын Ислам төңкерісі сақшылары корпусының 3 күндік жаттығуы басталды. Бұл әскери бөлім 1979 жылы Иран патшасы тақтан құлатылған соң құрылған болатын.

Корпустың бас қолбасшысының орынбасары генерал Хоссейн Салами хабарлағандай, әскери жаттығу Парсы және Оман шығанақтарын қосатын Ормуз бұғазында өтеді.

Генералдың сөзіне қарағанда, жаттығуға жаяу әскер мен теңіз күштерінің және әуе күштерінің бөлімдері қатысады. Оның барысында соғыс зымырандарының бірнеше үлгісі сынақтан өткізіледі.
XS
SM
MD
LG