НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері Эстония астанасы – Таллиннде 2 күндік мәжіліске жиналды. Министрлер ядролық шабуыл жасау қаруын күрт қысқарту туралы АҚШ пен Ресей арасындағы жаңа стратегиялық келісім-шартты және НАТО мен Мәскеудің екіжақты қатынасына оның қалай ықпал ету мүмкіндігін талқылайды.
Басты тақырыптардың бірі – Солтүстікатлантикалық альянстың Ауғанстандағы іс-қимылы болмақшы. Әңгіме Ауғанстанның қауіпсіздігін қорғау міндетін НАТО күштерінен бірте-бірте ауған армиясы мен полициясына тапсыру үшін оларды жаттықтыруды жеделдету туралы болады.
Таллиндегі мәжіліс – НАТО-ның Лиссабонда қараша айында өтетін саммитіне әзірленудің бір сатысы болып отыр.