Accessibility links

Қырғыз жастары Лукашенкодан кешірім сұрауды талап етеді


Қырғыздардың «Ақниет» жастар ұйымы Беларусь президенті Александр Лукашенкодан Қырғызстаннан кешірім сұрауын талап етті.

Жастардың мәлімдеуінше, өзінің сөздерімен және биліктен қуылған Бакиевті елге шақыруымен Лукашенко Қырғызстандағы ахуалды ушықтырады.

Беларусь лидері «Бакиевтің балаларын қамқорлығына алғанын жақсы суреттесе де, сәуірдің басында Бішкектегі оқиғалардың барысында қаза тапқан 80-нен астам адам туралы бірауыз айтпады», - деп мәлімдеді «Ақниет» жастар қозғалысының үйлестірушісі Шыңғыс Макешов.
XS
SM
MD
LG