Accessibility links

АҚШ Иранды қамаудағы американдықтардың туысына виза беруге шақырды


Құрама Штаттар өткен жылдың жазынан бері Теһранда түрмеде отырған үш американдықты босатуды Ираннан тағы сұрады.

Иран билігі шекараны заңсыз өтті деген айыппен үш студентті қамап қойған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Иран ресмилерін тұтқында отырған американдықтардың туыстарына елге кіруге виза беруге шақырды. Осыдан бірер күн бұрын швейцариялық дипломаттар түрмеде отырған екі АҚШ азаматының денсаулығы нашарлап кетті деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG