Accessibility links

Грекия қаржы көмегінің алғашқы легін 19-шы мамырға дейін алады


Грекия қарыз дағдарысын шешу үшін Еуропа Одағы мен халықаралық Валюта қорынан бөлінген 45 миллиард еуро қаржының алғашқы бөлігін 19-шы мамырға дейін алады деп күтіліп отыр.

Бұл туралы Грекияның қаржы министрі Георгиос Папаконстантиноу мәлімдеді. Оның мәлімдемесі премьер-министр Георгиос Папандреу елді қарыз дағдарысынан құтқаруға бағытталған несиелерді жандандыруға өтініш берген соң айтылып отыр.

Папандреу телеарна арқылы сөйлеген сөзінде, Еуропа Одағы мен Халықаралық қаржы қорының 45 миллиард еуро болатын көмек қаржысын шұғыл іске қосу "ұлттық қажеттілік" болды деді.
XS
SM
MD
LG