Accessibility links

Ереванда мыңдаған адам армяндар қырғынын еске алып шеру өткізді


Армения астанасында бірнеше мың адам қолдарына шырақ ұстап, Осман империясы кезіндегі қырғынның 95 жылдығын атап өтті.

1915-1917 жылдары болған қырғынды еске алу шарасын ұлтшылдар партиясының жастар қанаты өткізіп отыр. Осыдан бір күн бұрын Армения Түркиямен жылдарға созылған жаулық қатынасты тоқтатып, екі арасындағы байланыстарды қалпына келтіретін келісімді бекітуді тоқтатып қойғанын айтқан.

Армения 1-ші Дүниежүзілік соғыс кезінде армяндардың қырылуын геноцид деп атайды. Түркия оны жоққа шығарады.
XS
SM
MD
LG