Accessibility links

Иран әскери жаттығуы кезінде зымыран сынағын жасаған


Жексенбі күні Иранның Төңкерісшіл сақшылары Хормуз шығанағындағы әскери жаттығулары барысында бес бірдей зымыран сынағын жасады.

Ирандық ақпарат құралдарының жазуынша, жерде және жер мен теңізде жасалған зымыран сынақтарының барлығы нысанаға алынған бір жерге жеткен.

Иран сақшыларының Хормуз шығанағындағы жаттығулары Теһранның ядролық бағдарламасы бомба жасап жатыр деген қауіпке байланысты Батыс пен Иранның арасында дағдарыс күшейіп тұрған сәтте болып отыр. Батыс елдерінің айыптауын Иран жоққа шығарып, ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG