Accessibility links

Конгантиевтің жақтастары Бішкек-Ош тас жолын жауып тастады


Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Молдомус Конгантиевтің жақтастары Бішкек-Ош тас жолын жауып тастады, деп хабарлайды «Азаттық» тілшісі.

Ақпарат бойынша, негізінен Майлуу-Суу ауылының тұрғындарынан құралған 500-ге жуық адам, дүйсенбі күні таңертең тас жолды жауып, бүгін таңертең Мәскеуден Бішкекке жеткізілген бұрынғы министрді босатуды талап етуде.

«Азаттықтың» ақпараты бойынша, Молдомус Конгантиев Ресей астанасында ем қабылдап жатқан. Ол әзірге 80-нен аса адамның қазасына алып келген билікке қарсы толқуларды басу ісі бойынша куәгер болып табылады
XS
SM
MD
LG