Accessibility links

Ресей бұрынғы қырғыз министрін елден шығарды


Ресей күштері бұрынғы қырғыз министрін ұстап, елден шығарды.

Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Молдомуса Қонғантиев елдегі толқулар барысында жоғалып кеткен болатын. Уақытша үкімет басшысының орынбасары Алмазбек Атамбаев Қонғантиевтің қырғыз абақтысында екенін растады. Қонғантиев 7-8 сәуірдегі наразылық шаралары барысында соққыға жығылған еді.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Қонғантиев жексенбі күні Мәскеуде қамауға алынған. Атамбаев Қонғантиевті тұтқындаған Ресей билік орындарына алғысын білдірді.

Дүйсенбі күні Қонғантиевтің жүздеген қолдаушысы Бішкек пен Ош қалаларын байланыстыратын тас жолды бөгеп, бұрынғы министрдің босатылуын талап етті. Сонымен қатар Бішкектегі парламент ғимараты алдында Қонғантиевті қолдау акциясы өтті.
XS
SM
MD
LG