Accessibility links

Пәкістанда АҚШ әуе шабуылынан 4 адам құрбан болды


Пәкістанның солтүстік-батысындағы АҚШ әуе шабуылынан кемінде 4 исламшыл жауынгер қаза тапты. Батыс бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хусали Турхел аймағында бүлікшілер деп күдіктелгендердің жасырынып жүрген ғимаратына дүйсенбі күні таңертең әуеден соққы берілген.

Бұл соңғы екі тәулікте жасалған екінші шабуыл. Сенбі күні бұл аймақта 7 бүлікші өлтірілген болатын.
XS
SM
MD
LG