Accessibility links

Польшада Качиньскийдің егіз бауыры сайлауға түспек

Польша мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, марқұм президент Лех Качиньскийдің егіз бауыры Ярослав Качиньский президент сайлауына түспек. Ярослав Качиньский Заң мен әділет партиясын басқарады.

Польшада сайлау маусымның 20-на белгіленген. Сайлауда биліктегі Азаматтық платформа партиясының жетекшісі Бронислав Коморовский жеңіске жетуі мүмкін делінеді.
XS
SM
MD
LG