Accessibility links

Ош-Бішкек тас жолы ашылды


Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Молдомуса Конгантиевтің жақтастары, Жалал-Абад облысының губернаторы Бектур Асановпен кездескеннен кейін Ош-Бішкек тас жолын ашуға келісті дейді Азаттық тілшісі.

Оның хабарлауынша, губернатор, уақытша үкімет өкілдерімен кездестіруге уәде беріп, бұрынғы министрдің төрт жақтасын өзімен бірге алып кеткен.

Қырғызстанның бұрынғы ішкі істер министрі Молдомуса Конгантиевтің жақтастары оны босатуды талап еті, кешелі бері тас жолды бөгеп тастаған болатын. Нәтижесінде осы жолдың бойында 300-ден аса көлік жиналып қалды.
XS
SM
MD
LG