Accessibility links

Ресей Украинамен ядролық конгломерат құруды ұсынды


Ресей Украинамен ядролық конгломерат құруды ұсынды. Дүйсенбі күні кешке Украина президенті Виктор Януковичпен кездескен премьер-министр Владимир Путиннің мәлімдеуінше, бұл ұсыныс ядролық энергия өндірісі мен ядролық құрылыств және ядролық отын шығаруды қамтиды. Ресей өз нарығында украиналық әріптестерінің жұмыс істеуіне мұрсат беруге әзір деп атап көрсетті Путин.

Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Янукович бұл қызық ұсыныс деген.
XS
SM
MD
LG