Accessibility links

Ресей: Катынь қырғыны туралы құпия мәліметтер жарияланды


Ресей 1940 жылғы Катынь қырғыны туралы құпия болған мәліметтерді жариялағанын хабарлады. "Росархив" басшысы Андрей Артизовтың мәлімдеуінше, президент Дмитрий Медведевтің бұйрығымен нөмір бірінші Арнайы файл деп аталатын құжаттар мемлекеттік мұрағаттың интернеттегі парақшасында жарияланған.

1939 жылы Совет үкіметі Польшаның шығысын басып алған соң Иосиф Сталиннің құпия полициясы Катынь орманы мен Ресейдің батысында 22 мыңға жуық поляк офицері мен зиялы қауым өкілдерін өлтірген болатын.
XS
SM
MD
LG