Accessibility links

Бішкекте қазақ елшілігіне нота тапсырылды


Бейсенбі күні Қырғызстанның «7-апрель» қозғалысы Бішкекте Қазақстанның елшілігі алдында наразылық ереуілін өткізді.

Қозғалыс жетекшісі Өндіріш Тоқтонасыровтың «Азаттық» Радиосына мәлімдегеніндей, елшілікке қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 9-Еуразиялық медиа-форумда сөйлеген сөзінде Қырғызстандағы 7 сәуір күні болған қанды халық толқуына теріс баға бергені үшін қырғыз елінен кешірім сұрауын, осы қантөгіс бойынша айып тағылып Қазақстанда бас сауғалап жүрген бұрынғы мемлекеттік қызметкерлерді ұстап беруін, қазақ-қырғыз шекарасын қайт ашуды талап еткен нота тапсырылды.

Тоқтонасыровтың айтуынша, шекараны жабуға негіз жоқ, өйткені Қырғызстанда соғыс болған жоқ.

«7-апрель» қозғалысының өкілдеріне қазақ елшісінің кеңесшісі Талғат Жолдасов шығып жолықты. Оның айтуы бойынша, Қырғызстандағы қанды халық толқуы кезінде елдің қолына жүздеген қару тиген, шекара сол себепті жабылған көрінеді.

Т.Жолдасов «7-апрель» қозғалысының талаптарын елшіге жеткізуге уәде берді. Қазақстан елшілігі әзірше ресми түсініктеме бермеді.
XS
SM
MD
LG