Accessibility links

Үндістан мен Пәкістан премьерлері Бутанда кездесті


Үндістан мен Пәкістанның премьер-министрлері Манмохан Сингх пен Юсуф Реза Гилани бейсенбі күні Бутан елінің астанасы – Тхимпһуда кездесті. Бұл кездесу Оңтүстік Азия аймақтық ынтымақтастық Ассоциациясына мүше елдері саммитінің сыртында өтті.

Үндістан 2008 жылы Мумбай қаласында болған тізбекті террорлық шабуылдардан кейін, оны Пәкістан жерін паналаған содырлар жүзеге асырды деп айыптап, Пәкістанмен арадағы келіссөздерін доғарған болатын. Мумбайдағы қастандықтардың салдарынан 170-ке жуық адам құрбан болды.

1947 жылы Ұлыбританиядан тәуелсіздіктерін алғаннан бері Үндістан мен Пәкістан өзара 3 рет соғысты.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG