Accessibility links

Қытайда балаларға кезекті шабуыл жасалды


Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жұма күні белгісіз ер адам Шаньдун провинциясындағы Вэйфан қаласында орналасқан бастауыш мектептің дайындық сыныбындағы балаларға балғамен шабуыл жасаған. Кейіннен өзінің үстіне бензин құйып өртеп жіберген. Мұғалімдер ер адамның қолындағы екі оқушыны алып қашып үлгергенімен бес бала ауруханаға жатқызылды. Ер адам қайтыс болды.

Бейсенбі күні, Цзянсу провинциясында бала бақша балаларына да пышақпен қаруланған ер адам шабуыл жасап, 28 бүлдіршін мен үш тәрбиеші ауруханаға жеткізілді.

Бұдан бұрында дәл осындай оқиға Гуандун провинциясында болып, белгісіз ер адам бастауыш мектептің 18 оқушысы мен мұғалімді пышақпен жаралаған еді.

XS
SM
MD
LG