Accessibility links

Ходорковский сотта сөйлеп болды


Мәскеуде «ЮКОС» мұнай компаниясының бұрынғы иелеріне қарсы екінші қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сотта күдіктілердің бірі Михаил Ходорковский куә болуын аяқтады.
Хамовнический сотында ол бір ай бойы өзіне тағылған айыптардың әр бірін теріске шығарып келді.

Осы іс бойынша соттың келесі мәжілісі 11 мамырға тағайындалды. Айыптаушылар енді Ходорковскийге сауалдар қоя бастайды.

Михаил Ходорковский мен оның бұрынғы әріптесі Платон Лебедев қаржы қылмыстарына қатысты айыптар бойынша түрмеде 8 жылдық жазаларын өтеп келеді. Оларға енді «мұнай ұрлады» және «арам ақшаны тазартты» деген жаңа айыптар тағылып отыр.
XS
SM
MD
LG