Accessibility links

Алматыда оппозиция митингісінде полициямен төбелес болды


"Алға" партиясының кеңсесі алдындағы оппозициялық ұйымдардың 1 мамыр жиыны полициямен қақтығыспен және тұтқындаулармен аяқталды.

Демократиялық қауымдастықтың республикалық жиналысын "Халық билігі" блогы ұйымдастырған еді. "Республика" басылымы веб-сайтының хабарлауынша жиынға "Алға" және Қазақстанның коммунистік партиясынан, сондай-ақ 30-дан астам қоғамдық ұйымның 500-ге тарта делегат қатысқан.

Жиын соңынан оған қатысушылар орталық көшемен жүріп өтпекші болғанда кеңсені үш қатар болып қоршаған полиция артқы есіктен шығуларын талап етіп, соның салдарынан қақтығыс болған. Оппозициялық жиынға қатысушылардың бірқатары тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG