Accessibility links

Таиланд үкімет басшысы оппозицияға ескерту жасады


Таиландтың премьер-министрі Абхисит Ветчачива оппозицияның шеруді жалғастыра беру үкіметтің тәуекел әрекеттерге баруына мәжбүрлейді деді.

Оның айтуынша, полициямен болатын жаңа қақтығыстар көтерілісшілер арасында адам шығынына әкелуі мүмкін.

Таиландта оппозиция митингілері жалғасып жатқанына бір айдан асты. Полициямен қақтығыста ондаған адам қаза болып, мыңға жуық адам жарақат алды.

Таиланд оппозициясы үкіметті таратып, кезектен тыс сайлаулар өткізуді талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG