Accessibility links

Ирақта бомба шабуылынан 1 адам қаза тауып, 80 кісі жараланды


Жексенбі күні ирақтық ресмилер елдегі христиандық қауымдастыққа қарсы екі бірдей бомба шабуылы болып, жарылыстан бір адам құрбан болып, кемінде 80 кісі жарақат алғанын хабарлады.

Полицияның айтуынша, Хамдания қалашығындағы христиандық қауымдастық студенттерін таситын автобус жарылған. Мосул қаласынан 40 шақырымдай жердегі қала әкімі Ниссан Кароуми автобуста болғандардың бәрі христиан дініндегі студенттер екенін, олар Мосул қаласындағы университетке бара жатқанын айтты.

Human Rights Watch ұйымы Ирақтағы азшылық топтар оның ішінде христиандарға бұл аймақтағы бай жер қойнауы үшін күрдтер мен арабтар арасындағы таластан қауіп-қатер төніп тұр деген алаңдаушылығын жеткізген.

AzattyqTV

AzatNews 21.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:42 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG