Accessibility links

Араб лигасы Израиль-Палестина келіссөздерін қолдады


Араб лигасының елдері Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт процесті қалпына келтіруді көздейтін АҚШ-тың арағайындығымен өтетін келіссөздерге қолдау танытты.

Сенбі күні Мысыр астанасы Қаирда өткен кездеуслерінде Араб лигасы бұл процеске қолдау білдіретіндіктерін айтты. Палестинаның мәмілегері Саеб Ерекат бұл арағайындық келіссөздерге қатысу жөніндегі ақырғы шешімді алдағы аптада Палестинаны азат ету ұйымының атқарушы комитеті шешетін болады деді.

Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келіссөздерді қалпына келтіруге бағытталған арағайындық келіссөздер алдағы аптада өтеді деп айтқан болатын. Клинтон ханымның айтуынша, АҚШ-тың Таяу шығыс бойынша арнайы өкілі Джордж Митчель бұл процесті дамыту үшін аймаққа сапармен барады.

Палестина басшысы Махмуд Аббас Израилдің Шығыс Иерусалимде еврей қоныстарын салу жоспарына наразылық танытып, наурыз айында ол тікелей емес арағайындық келіссөздерден шығып кеткен.
XS
SM
MD
LG