Accessibility links

Грекия: көмек қаржысы бойынша келісім жасалды


Жексенбі күні Грекия үкіметінің басшысы Георгиос Папандреу елдің банкротқа ұшырауына жол бермейтін Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорының көмек қаржысы бойынша келісім жасалғанын айтты.

Ол бұл туралы үкіметтің төтенше отырысы басталардан бұрын теледидар арқылы жасаған жолдауында мәлімдеді. Оның алдында тараптар қарыз дағдарысына батқан Афиныға қаржылай қолдау көрсету жөнінде келіссөздер өткізген болатын.

Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының Грекияға ұсынып отырған несиесі алдағы үш жылға беріліп отыр. Премьер-министр Георгиос Папандреу 120 милииард еуро болатын жеңілдік несиесін алу жолында үкіметтің қатаң шараларды жүзеге асыруға уәде бергенін айтып, бұл шешімнен кейін грекиялық азаматтар көп жағдайда шығындарға тап болады деді.

Сенбі күні Афины көшелеріне үкіметтің әлеуметтік төлемақылар мен салықты өсіру жоспарына қарсылықтарын білдірген халық пен полиция қақтығысып қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG