Accessibility links

"Шекарасыз репортерлер": Назарбаев та баспасөзге тіс батырған


Мамырдың 3-і - Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күнін атап өту үшін "Шекарасыз репортерлер" ұйымы баспасөздің жаулары деген жаңартылған тізімін жариялап отыр. Баспасөзге тіс батырғандар деп аталатын тізімде президенттер мен үкімет басшыларының, олардың ішінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай президенті Ху Цзиньтао, сондай-ақ Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің аттары аталады.

Бұл жолғы тізімге сондай-ақ Шешенстан президенті Рамзан Қадыров пен Ауғанстандағы "Талибан" жетекшісі Мулла Омар енгізілген. "Шекарасыз репортерлер" ұйымының айтуынша, Қадыровтың саясатына күдік келтірген кез келген адам өлтірілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG