Accessibility links

Таймс-Скверде теракт жасауға әрекеттенді деген күдікті ұсталды


Американдық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Нью-Йорктегі Таймс-Скверде теракт жасауға талпынған деп күдіктелетін кісі қолға түсті.

Хабарларға қарағанда, ұсталған күдіктінің тегі пәкістандық, АҚШ-тың Коннектикут штатының бір тұрғыны екен. Құқық қорғау орғандарындағы дерек көзінің хабарлауынша, бомба табылған автокөлік осыдан бір апта бұрын кімге сатылғаны белгілі болған. Бұл кісі жақында ғана Пәкістанға барып қайтан деп хабарланып отыр.

Бұған дейін АҚШ билігі Таймс-скверде іске аспай қалған терактіні «Әл-Қаида» немесе басқа бір ірі террорлық ұйым ұйымдастырмақ болған деп жариялаған еді.

Нью-Йорктің орталығында сенбі күні кешке бомба қойылған автокөлік табылған болатын. Тұрғындардың бақытына орай, жарылғышты іске асырушы құрылғы бұзылып қалған.
XS
SM
MD
LG