Accessibility links

British Petroleum: Мұнайдың төгілуін тоқтатпақшымыз


British Petroleum Мексика шығанағындағы мұнайдың төгілуін тезарада тоқтату үшін жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Компанияның айтуынша, дәнекерлер мұнай ағып жатқан жерде 98 тонналық, 12 метрлік құрылымды орнатпақшы. British Petroleum мұнайдың төгілуін тоқтатуға бағытталған бұл жоспар сәтті болады деп үміттеніп отыр.

Сарапшылардың айтуынша, осыдан екі апта бұрын бұрғылау мұнарасының жарылып, теңізге батуы салдарынан күніне 750 мың литр мұнай төгіліп жатыр. Президент Барак Обаманың мәлімдеуінше, Мексика шығанағындағы мұнайдың төгілуі АҚШ үшін бұрын-соңды болмаған экологиялық апатқа айналуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG