Accessibility links

АҚШ өкілі Бішкекке барды


Ақ үй кеңесшісі Қырғызстанның уақытша үкіметімен келіссөз өткізу үшін Бішкекке барды. АҚШ президенті Барак Обаманың Ресей мен Еуразия мәселелері бойынша кеңесшісі Майкл МакФол уақытша үкімет басшысының орынбасары Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Келіссөздерде қандай мәселелер талқыланғандығы жөнінде мәлімет берілмеді.

Атамбаевтың кеңсесінің хабарлауынша, МакФолдың сапарының мақсаты - елдегі қазіргі жағдаймен танысып, Қырғызстанның демократиялық дамуына қолдау таныту боп табылады.

Өткен айдағы толқулар барысында президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылып, елде уақытша үкімет құрылған болатын.
XS
SM
MD
LG