Accessibility links

Қазақстандық журналист «Хьюман Райтс Вотч»-тың грантын жеңіп алды


Қазақстандық журналист әрі публицист Алмас Көшербаев халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» құқықықорғаушы ұйымынан Хеллман/Хаммет қорының грантын алды. Бұл туралы Азатыққа гранттар бағдарламасының үйлестірушісі Марсия Алина хабарлады.

Алмас Көшербаев - "Тасжарған" газетінде 2008 жылдың 24 сәуірінде жарық көріп, депутат Ромин Мадиновтың сотқа шығымдануына негіз болған «Байғұс латифундист» атты мақаланың авторы. Сот "Тасжарған" басылымы мен журналист Алмас Көшербаевты Мадиновтың пайдасына 30 миллион теңге (шамамамен 20 мың доллар) беру туралы шешім шығарды

Алмас Көшербаев бұл грантты жеңіп алған екінші қазақстандық. Алғашқы болып бұл грантты Кәрішал Асанов алған еді.
Хеллман/Хаммет қорының гранты үкіметтің қудалауына ұшырап қаржылай қиындыққа ұшыраған журналистерге көмектеседі. Грант көлемі 500-ден 10 мың долларды құрайды. Жыл сайын грантқа 150 мың доллар бөлінеді.
XS
SM
MD
LG