Accessibility links

Депутаттар Назарбаевқа ұлттық көшбасшы мәртебесін беруді ұсынып отыр


Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарабевқа ресми түрде ұлт көшбасшысы мәртебесін беру қажет. Мұндай ұсынысты сәрсенбі күні Парламент депутаттары Әмзебек Жолшыбеков, Розақұл Халмұрадов және Светлана Ферхо айтқан еді.

««ҚР Тұңғыш Президенті туралы» Конституциялық заңнамада Тұңғыш Президенттің негізгі құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Бірақ, осы заң Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы мемлекеттігін қалыптастырушының рөлін толық деңгейде айқындап бере алмайды. Бүгінгі күні Конституциялық заң нормасындағы Мемлекет басшысының саяси-құқықтық мәртебесін анықтау бөлігінде, Тұңғыш Президенттің конституциялық мәртебесін оның жалпыға мойындалған Ұлттық Көшбасшы мәртебесіне теңестіруде өзгерістер енгізу қажет етіледі. Н. Назарбаев -тек президент қана емес бүгінгі мемлекетті - Қазақстан Республикасын қалыптастырушы», деді Ә. Жолшыбеков.
XS
SM
MD
LG