Accessibility links

АҚШ пен Пәкістан тергеу ісін жүргізіп жатыр


АҚШ пен Пәкістанның билік орындары Нью-Йоркте тұтқындалған Пәкістан текті АҚШ азаматына қатысты тергеу ісін жалғастарып жатыр. 30 жастағы Файсал Шахзадқа Нью-Йорктегі Таймс-скверде бомба тиелген көлікті жарып жібермекші болды деген айыптар тағылып отыр. Шахзад тергеушілерге өзінің таяуда Пәкістанның Вазиристан аймағында бомба жасауды үйренгендігін мәлімдеді. Қамауға алынған күдіктінің "Талибан" мен "Әл-Қаида" бүлікшілеріне қатысы бар болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр.

Пәкістан билігінің хабарлауынша, сенбі күнгі Таймс-сквердегі оқиғаға байланысты күдікке ілінген бірнеше адам Карачи мен тағы басқа қалаларда тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG