Accessibility links

Ирақ шииттері альянс құрды


Ирақтағы шииттердің екі ірі коалициясы парламентте одақ құруға келісті. Премьер-министр Нури әл-Малики мен консервативті шииттер одағының альянсына парламенттегі орындардың басым бөлігіне ие болуы үшін тек 4 орын ғана жетпей тұр.

Біріккен альянстың Ирақ үкіметін құруда шешуші күшке айналу мүмкіндігі көбейіп отыр. Алайда екі блок елдің келесі премьер-министрі кім болатындығы жөнінде әзірше келісім жасамады. Малики өз қызметінде қалғысы келеді бірақ АҚШ-қа қарсы радикалды шиит Моқтада әл-Садр Маликидің қарсыласы боп табылады.

Наурыздың 7-дегі парламенттік сайлауларда ешбір партия нақты жеңіске жетпеген болатын.
XS
SM
MD
LG