Accessibility links

Қазақстанның 1700 тонна жанармайы Қырғызстанға жетті


Қазақстаннан 1700 тонна жанармай Қырғызстанға жеткізілді. Бұл туралы Азаттық радиосына Қырғызстанның уақытша үкіметінен хабарлады. Бұған дейін Қазақстан үкіметі көрші елге 4 мың тонна жанармай беретіндігін хабарлаған еді.

Қазақстандық тауар Қырғызстанның жанармай тапшылығын көріп отырған солтүстік аймақтарындағы Балықшы және Кант қалаларына бөлінеді.

Қырғызстан 10 мамырдан бастап ресейлік жанармайды жаңа кеден салығы бойынша ала бастайды. Ресей 1 сәуірден бастап Қырғызстанға бөлінетін жанармайға кеден тарифтерін көтерген болатын.
XS
SM
MD
LG