Accessibility links

Солтүстік Корея баспасөзі Ким Чен Ирдің Қытайға сапары туралы жазды


Солтүстік Корея баспасөзі мемлекет басшысы Ким Чен Ирдің Қытайға сапарынан оралғандығын ресми түрде растады.

Бұл уақытта Оңтүстік Корея баспасөзі Ким Чен Ир Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоға Пхеньянның ядролық бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздерге оралуға уәде берді деп жазды.

Ким Чен Ир 2000 жылдан бері Қытайға бесінші мәрте жұмыс бабымен барып қайтты.

Солтүстік Корея баспасөзі әдетте мемлекет басшысы елге оралғанша оның сапары туралы хабар таратпайды.
XS
SM
MD
LG