Accessibility links

Енді сайттардың адресін арабша жазуға болады


Интернет тарихында алғаш рет латын қаріпінен өзге тілде жазылған доменді атаулар пайда болды. Мұндай мүмкіндікке ие болған елдердің алғашқылары - Мысыр, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктері.

Айта кету керек, бұған дейін де аталған елдегі тұтынушылар сайттардың аттарын жазған кезде араб әріптерін пайдалана алатын, бірақ елге қатысты доменнің адресі латын қарпімен жазылатын. Енді домен атауларын да араб тілінде - оңнан солға қарай жазуға болады.

Одан өзге, жақында 21 елде латындық емес домендік атауларды пайдалану мүмкіндігі пайда болады, олардың қатарында Ресей де бар.
XS
SM
MD
LG