Accessibility links

Қырғызстан Беларустен Бакиевті экстрадициялауды сұрады


Қырғызстанның бас прокуратурасы Белоруске биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевті экстрадициялау туралы хат жіберді. Бұл туралы уақытша үкімет министрлер кабинетінің вице-премьері Азимбек Назаров хабарлады.

"Мамырдың алтысы күні Қырғызстанның бас прокуратурасы Беларус елінің бас прокуратурасына Бакиевті экстрадициялау туралы сұраныс жіберді", - деді Назаров.

Қырғызстанның уақытша үкіметі, Бакиевті 85 адамның өмірін қиған қанды қақтығысқа қатысы бар деп айыптап отыр. Сәуірдің басындағы толқулар барысында Бакиев биліктен құлатылған болатын.
XS
SM
MD
LG