Accessibility links

Мәскеу метро жарылысында қаза болғандарды еске алып жатыр


Жұма күні таңертең бір жарым мыңға жуық адам Мәскеу орталығына жиналды. Олар Лубянка" және "Парк культуры" станцияларында болған жарылыстан қаза болғандарды еске алып жатыр.

Лубянск алаңында өтіп жатқан азалы митинг - қайғылы оқиғаға 40 күн өткеннен кейін ұйымдастырылып отыр.

Наурыздың 29 күні Мәскеудегі "Лубянка" және "Парк культуры" метро станцияларында екі жарылыс болған еді. Жарылыстан 40-тан аса адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі «Лубянка» және «Парк культуры» метростанцияларындағы екі жарылысты терроршы-жанкештілер ұйымдастырды деп мәлімдеді.


XS
SM
MD
LG