Accessibility links

Назарбаев Бакиевті Қазақстанға алып келген ұшқышты «Айбын» орденімен марапаттады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қорғаныс министрлігінің әскери-әуе күштерінің ұшқышы, аға инспектор Игорь Бейлинді "Айбын" орденімен марапаттады. Ол Қырғызстанның биліктен қуылған президенті Құрманбек Бакиевті Жалал-Абадтан Қазақстанға алып келуге қатысқан деп хабарлайды "Новости-Казахстан" ақпарат агенттігі.

"Менің бұйрығыммен Жалал-Абадқа ұшқан осы", - деді Назарбаев.
XS
SM
MD
LG