Accessibility links

Англияда жаңа үкімет бойынша келіссөз өтеді


Ұлыбританиядағы парламент сайлауында үшінші орын алған Либералдық-демократиялық партияның көсемі Ник Клегг сайлауда жеңіске жеткен оппозициялық консерваторларға үкіметті жасақтау мүмкіндігін беру керек деп мәлімдеді.

Сайлаудың бастапқы нәтижесіне сәйкес, партиялардың бірі де британ парламентінің төменгі Қауымдар палатасында басым дауысқа ие бола алмады. Мұндай жағдай Англияда соңғы 35 жылда алғаш рет қалыптасып отыр.

Сайлаудың нәтижесі әлі пысықталу үстінде. Соңғы мәлімет бойынша, консерваторлар билік басында болған лейбористерден 40 мандат артық – 300-дей орын алады. 50-ден артық мандатқа ие болған либерал-демократтар, сарапшылардың пікірінше, жаңа үкіметті жасақтау туралы келіссөзде маңызды рөл атқара алады.
XS
SM
MD
LG