Accessibility links

Түрік конституциясына да түзету ұсынылды


Түркия парламенті конституцияға түзетулер енгізу туралы билік басындағы Әділдік және даму партиясы берген ұсынысты референдумға шығару туралы шешім қабылдады.

Түріктердің қазіргі конституциясы әскери төңкерістен кейін 1982 жылы қабылданған болатын. Түзетулер армия мен сот билігіне азаматтық бақылауды күшейту мәселесін қарастырады.

Билеуші партияның мәлімдеуінше, ұсынылған түзетулер елдегі демократияны нығайтып, ЕуроОдаққа кіру мәселесі бойынша келіссөзде елдің беделін көтереді.

Түрік оппозициясы ұсыныстың авторларын Түркияның зайырлы мемлекеттік негіздерін бұзғысы келеді деп айыптап, Ата заңға түзету енгізуге қарсы.
XS
SM
MD
LG