Accessibility links

Г.Браун кез-келген партиямен коалиция құруға әзір


Англияның премьер-министрі Гордон Браун либерал-демократтардың консерваторлармен үкіметті жасақтау мәселесін талқылау құқын мойындайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге Браун либерал-демократтармен коалиция құру мүмкіндігін талқылауға өзінің де ашық екенін атап көрсетті.

Бастапқы мәлімет бойынша, бейсенбі күні болып өткен сайлауда бірде-бір партия жалғыз өзі үкімет жасақтай алатындай басым дауыс жинай алмады. Ұлыбританияда соңғы 35 жылда алғаш рет осындай қолайсыз жағдай қалыптасып отыр.

Жеңіске жеткен Консервативтік партия 305 мандатқа ие болса, билік басында болған лейбористер екінші орында қалды, ал үшінші орын алған либерал-демократтар одан көп кейін қалды.
XS
SM
MD
LG