АҚШ Пәкістаннан бүлікшілермен күресте көбірек жұмыс атқаруды талап етіп отыр. АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонның мәлімдеуінше, Пәкістанның бүлікшілермен күресу міндеттемесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады бірақ Вашингтон Исламабадтың бұдан да көбірек іс-қимыл жасауын қалайды.
Вашингтон мен Исламабад өткен сенбі күнгі болуы мүмкін шабуылға байланысты тұтқындалған Пәкістан текті АҚШ азаматына қатысты тергеу ісін жалғастырып жатыр. Нью-Йоркте қамауға алынған күдіктінің Пәкістандағы "Талибанға" және Кашмирдегі исламшыл топқа қатысы бар болуы мүмкін делінеді.