Accessibility links

Ресей шахтасындағы жарылыс құрбандарының саны 30-ға жетті


Ресми мәліметтерге сәйкес, Ресейдің көмір кенішіндегі жарылыстан қаза тапқандардың саны кемінде 30-ға жеткен. Елдің төтенше жағдайлар бойынша министрі Сергей Шойгудың мәлімдеуінше, Сібірдің Кемерово аймағындағы Распадская шахтасында болған жарылыстан кейін 60-қа жуық адам жер астында қалып қалған болуы мүмкін. Көмір кенішіндегі метан газы жарылған соң тағы жарылыс болады деген болжамға байланысты құтқару жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын. Қазір құтқарушылар жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Сенбі күні кешке шахтадағы екі жарылыстан кейін шамамен 300 адам құтқарылды.
XS
SM
MD
LG