Accessibility links

Ауғанстанда НАТО сарбазы мерт болды


Ауғанстандағы халықаралық қауіпсіздік күштері елдегі бүлікшілердің шабуылынан НАТО сарбазының қаза тапқанын хабарлады. Шабуыл жексенбі күні Ауғанстанның шығысында жасалған. Бұл оқиға жөнінде басқа мәлімет берілмеді.

Сонымен қатар жексенбі күні Хелманд өлкесіндегі жарылыстан бір ағылшын жауынгері мерт болған.

Хабарларға қарағанда, осы жылы Ауғанстанда қаза болған шетел сарбаздарының саны 187-ге жеткен.
XS
SM
MD
LG