Accessibility links

Сербияда косоволық албандар жаппай жерленген қорым табылды


Сербияда 250-ге жуық этникалық албанның мәйіттері жаппай жерленген мола табылды. Олар 1998-1999 жылдардағы Косово қақтығысында өлтірілген болуы мүмкін делінеді. Сербия прокуратурасының мәліметінше, өлген адамдардың қоры елдің оңтүстігіндегі Рашка қаласында табылған.

Сербия күштері мен этникалық албандар арасындағы Косово қақтығысы 1999 жылғы НАТО-ның бомбалауларынан кейін аяқталған болатын. 2001 жылы Сербияның үш қаласында 830-дан астам косоволық албандардың мәйіттері табылған еді.
XS
SM
MD
LG